Museo «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы
- Download the applinks
- iOS
- Android
- Windows Phone
Información del museo
Acerca del museo
Музей-қорық 1999 жылғы 19 қазанда Атырау облысы әкімінің № 209 шешімімен «Хан ордалы Сарайшық» облыстық мұражай-қорығы болып құрылған болатын. Кейін, 2018 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 162 қаулысымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.
Кәсіпорынның қызметінің мәні мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады. Қызметінің мақсаты – мәдениет саласындағы ғылыми-зерттеу, мәдени-білім беру және танымдық-туристік қызметті, оның ішінде тарихи-мәдени мұраны сақтауды, оны танымал етуді жүзеге асыру.
Мұражай ішіне Сарайшық қазбасынан шыққан тарихи жәдігерлер қойылған, ХІУ ғасырдағы Сарайшық қаласының макеті жасақталған. Мұражайдың естелік кітабынан осында әр мезгілде болған қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, өнер шеберлерінің шет елдік қонақтар мен көрермендердің ой-пікір, тілектерін оқуға болады.
Audiotours
Objetos
Objetos mostrados con sonido
Reseñas
Descargue la app gratuita de izi.TRAVEL
¡Cree sus propias audioguías!
La utilización del sistema y la app de guía para móvil es gratuita