Museu

Museu"Қазақстан Республиканың Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" ММ

Informações do museu

Sobre o museu

Қайырлы күн, құрметті қонақтар! «Назарбаев орталығына» қош келдіңіздер. Бұл ғимарат британ сәулетшісі Норман Фостердің жаңа туындыларының бірі. Құрылыстың техникалық бірегейлігі диаметрі 81 метрге дейін жететін шатырының ерекше құрылымында. Ғимараттың жалпы ауданы – 30 мың шаршы метрден асады, 9 қабаттан тұрады. Кешеннің жалпы ішкі жайғасымы-ауданы 535 шаршы метр, диаметрі 26 метр болатын орталық атриумды жағалай орналасқан.  Мұнда 500-ге жуық адамның қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Ғимарат биікке зер салған көз жанары іспеттес. Сәулетшінің түпкілікті ойы бойынша ғимараттың қайталанбас келбеті Тәуелсіз Қазақстанның өмірлік күш-қуатын білдіреді. Ғимарат экологиялық сәулеттің жарқын үлгісі саналады, себебі күн сәуесіне бағытталған беткі әйнек қабат, қыс мезгілінде де күн жылуын жинай алады. 

Хайтек классигі – Норман Фостер – Астананың бірқатар сәулеттік нысандарының авторы, олардың қатарында: «Бейбітшілік және келісім сарайы» (2006), «Хан Шатыр» СОСО (2010) және ҚР Тұңғыш Президенті Кітапханасының ғимараты (2013). 2014 ж. 13 желтоқсанында Н.Ә. Назарбаев сәулет өнерін дамытуға, бейбітшілік пен достықты, халықтар арасындағы өзара сенімді нығайтуға қосқан үлесі үшін Норман Фостерді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Бейбітшілік және прогресс Мемлекеттік сыйлығымен марапаттады.

«Назарбаев орталығының» 2-3 қабаттарында Интерактивті білім беру орталығы, экспозициялық алаңдар мен Қазақстан Президентінің Жеке кітапханасы орналасқан. Жоғары қабаттарда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Кітапханасы, Елбасы Қоры қызметкерлерінің кеңселері, Қазақстан Президентінің кеңсесі орналасқан.

Елбасы Кітапханасының кешені екі ғимараттан тұрады: «Назарбаев орталығы» және оң жағалауда Астананың тарихи орталығында орналасқан Президенттің бұрынғы Резиденциясы. Сіздер Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметі туралы толыққанды және жан-жақты мәліметтер ұсынатын осы екі ақпараттық алаңдарға бара аласызар.

Атриумның сол жағына назар аударсаңыздар, қазіргі заманғы қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи дереккөздері мен тұжырымдамалық қағидалары жайлы баяндайтын Қазақстан Президентінің таңдамалы еңбектері ұсынылған. Мысалы, «Қазақстанның шымыр келбеті» кітабында авор Қазақ КСР-да металлургиялық базаның құрылуы жайлы баяндайды. Өзінің еңбек жолын металлургиялық комбинатта бастаған ел Президенті осы жас кәсіпорындағы қызу еңбектің қатысушысы және куәгері болды. Бұл кітап – Қазақстандық Магнитканың құрылысы мен дамуының, оның көпұлтты берекелі ұжымының  шынайы куәгері.

 «Тарих толқынында», «Қазақстан 2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы», «Еуразиялық Одақ: идеялар, тәжірибе, перспективалар», «Бейбітшілік кіндігі», «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Қоғамды идеялық тұрғыдан жұмылдыру – Қазақстан дамуының шарты» сияқты еңбектер ғылыми қызметкерлер, аспиранттар, ізденушілердің арасында ерекше танымал. Жоғары оқу орындарының студенттері арасында «На пороге ХХІ века», «Сындарлы он жыл», «Қазақстан жолы» және т.б. жиі сұранысқа ие.

Мұнымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің еңбектері өз отандастарымыздың ғана емес, шетелдік оқырмандардың да көп қызығушылығын тудыруда. Н.Ә. Назарбаевтың кітаптары 30-дан астам шет тілдерге аударылған.

Атриумда ұсынылған оптикалық «шағылудың» бірегей техникасында орындалған  еліміз туының бейнесіне назар аударыңыздар. Туынды авторы американ суретшісі Давид Датуна. Автор линзалар мен әйнек сынықтарын пайдаланып, картинаны коллажға айналдырады. Осылайша, Давид көрерменді таныс бейнелерге жаңаша көз салып, жаңа ақпарат табуға шақырады.

Құрметті қонақтар, экскурсиямызды 2-қабатта жалғастырамыз. Қоладан жасалған Қазақстан Республикасы Президенті мүсінінің сол жағында орын алған сатының көмегімен 2-ші қабатқа көтерілеміз.

Planeje sua visita

  • Библиотека Первого Президента, 1, Алихана Бокейхана проспект, Заречный, Nursultan, район "Есиль", Nur-Sultan, 010000, Kazakhstan
  • Hoje:
    09:00 - 17:00
    Seg
    Fechado
    Ter
    9:00 - 18:30
    Qua
    9:00 - 18:30
    Qui
    9:00 - 18:30
    Sex
    9:00 - 18:30
    Sab
    9:00 - 18:30
    Dom
    9:00 - 18:30
    Mostrar todos os horários de funcionamento
  • http://presidentlibrary.kz

Análises

Nenhum comentário ainda

Escreva a primeira análise
A minimum rating of 1 star is required.
Please fill in your name.

Crie seus próprios tours em áudio!

O uso do sistema e do aplicativo de guia móvel é gratuito

Iniciar

App preview on iOS, Android and Windows Phone