Audioguía

Audioguía «ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ» (ЭТНОГРАФИЯ) ЗАЛЫ

Мемлекеттік Орталық музейдің екінші экспозициялық залы қазақтың материалдық және рухани мәдениетіне арналған. Онда қазақ елінің тұрмысы, шаруашылығы, өнері, дүниетанымы мен  наным-сенімдер жүйесін бейнелейтін бұйымдар жинақталған. Залда қазақ халқының материалдық мәдениетінің бірегей ескерткіштері саналатын этнографиялық экспонаттар – XVIII – XX ғғ. тұрмыстық және шаруашылық заттары, қарулар мен әскери жабдықтар коллекциялары, зергерлік әшекейлер, қазақтың ұлттық киім үлгілері, кілем-киіз бұйымдары, қазақ кестесінің көптеген түрлері, сондай-ақ дәстүрлі қазақ баспанасы – киіз үй көрсетілген.

Қазақтың баспанасы, тамақтану жүйесі, киім-кешек, еңбек құралдары мен өзге де бұйымдары көшпелі шаруашылыққа негізделіп дамыған. Көшпелі ортада тұтынылған әрбір зат, әрбір бұйым қоршаған ортаны игерудің көп ғасырлық тәжірибесі болып табылады. Осыған орай, әскери өнер мен рухани мәдениеттің өзіндік ерекше түрлері қалыптасты.

Залдың экспозициясында үйші шебердің және суармалы егіншілікті көрсететін безендірілген диорамалар жасалған. Сондай-ақ бүркітші мен басқұр тоқу көріністерін мүсіндер арқылы бейнелейтін екі сценалық кешен орналастырылған.

Арыстан сұлтанның (XIX ғ. бірінші жартысы) Қасиетті Құранның аяттарымен көркемделген жауынгерлік сауыт-саймандарын ерекше атауға болады. Сондай-ақ, хан-сұлтандар киген мұрақ пен шапан өзінің әсемдігімен көз тартады.

Маржандалған тұскиіз өзінің ерекше көркемдігімен, асқақ эстетикасымен бірегей. Тұскиіздің түрлі түсті жібек жіптермен кестеленген күдеріден, жасыл барқыттан жасалған көмкермесіне әртүрлі ірі маржан моншақтар қадалып, жапырақшалар кестеленіп салынған.

Жылдар мен ғасырлар тамаша туындылар тудырған көптеген шеберлердің есімдерін өшіріп жіберді. Бірақ музей коллекцияларында сақталған заттар біздің бабаларымыздың өз ісі мен өнерінің хас шеберлері болғандығын айғақтайды.

Paradas del tour

Reseñas

A minimum rating of 1 star is required.
Please fill in your name.
  • Darkilla

    5 out of 5 rating 07-23-2023

    Красота

¡Cree sus propias audioguías!

La utilización del sistema y la app de guía para móvil es gratuita

Iniciar

App preview on iOS, Android and Windows Phone