Audioguía

Audioguía Абай музейіне қош келдіңіз!

Сәлеметсіз бе! Абай музейіне қош келдіңіз!

Музеймен танысу «Абай. Жыл мезгілдері» залынан басталады. Зал Абай Құнанбайұлының табиғат тақырыбына арнап жазған өлеңдері негізінде жабдықталған. Экспозиция шаңырақ бейнесінде көрсетілген. Шаңырақ – мемлекеттің негізі, отбасының символы. Абай - жылдың төрт мезгілін қазақ әдебиетінде алғаш суреттеген ақын. Табиғат лирикасы үлгісіндегі өлеңдерінде ақынның ой-сезімі, қыр адамының жан дүниесі терең ашылған.

Ол өзінің шығармаларында жыл маусымдарын: қысты, күзді, көктем мен жазды қайталанбас бояулармен бейнелеген. Абай пейзажды адамның тұрмыс кешетін табиғи ортасы, мекені ретінде ала отырып, әлеуметтік өмірмен, қазақ халқының көшпелі тұрмысымен тығыз байланыстырады.

Экспозициямен танысу сол қанаттан басталады. Мұнда қазақ халқының ерте заманда пайдаланған тұрмыстық заттары, Абай Құнанбайұлының өлкетану музейіне тапсырған жәдігерлері орын алады. 1885 жылы ақын өзінің досы Н.Долгополов арқылы Семейдің 1883 жылы ашылған өлкетану музейінің этнографиялық бөліміне 60-қа жуық заттар тапсырған, солардың он бірін осы витриналардан көре аласыз.

 Қосымша ақпарат алу үшін музей витриналарында тұрған QR-кодты пайдаланып аудиогидтің көмегіне жүгіне аласыз. Сонымен бірге сіз Абай өлеңдерін де тыңдай аласыз:

Paradas del tour

Reseñas

A minimum rating of 1 star is required.
Please fill in your name.
  • Даурен

    5 out of 5 rating 06-27-2023

    Тема

  • Сергей

    5 out of 5 rating 05-27-2021

    Очень здорово, когда сквозь века хранится память о хороших людях и их истории.

¡Cree sus propias audioguías!

La utilización del sistema y la app de guía para móvil es gratuita

Iniciar

App preview on iOS, Android and Windows Phone