Tour audio

Tour audio 3-қабат. Кітап коллекциялары

Сіздерді кітап коллекциясымен танысу үшін, 3-қабатқа шақырамын.

З қабаттағы экскурсия маршруты – сағат тілі бойынша жүргізіледі. Сіздерді сол жаққа бұрылып, «Елбасының жеке коллекциясы» галереясына өтулеріңізді сұраймын!

 «Елбасының жеке коллекциясы» галереясында мемлекет және үкімет басшыларының тарту еткен кітаптары ұсынылған.

Жеке коллекция экспозициясында танымал өнер қайраткерлерінің авторлық қолтаңбалары бар, өнерге арналған кітаптар ұсынылған. Қабырға витриналарда мемлекет, үкімет басшылары, атақты мемлекет қайраткерлері, шетелдік елшілерден «тартулық альбомдар» ұсынылған.

Ары қарай өтулеріңізді сұраймын.

Мұнда оқырмандар залы. Кітапханамыздың оқырмандары үшін, компьютермен жабдықталған, кітапхананың электронды каталогы мен интернет желісіне қол жетімді арнайы кабиналар жасақталған.

 «Тәуелсіздік галереясы».

Экспозиция ҚР тарихына және тәуелсіздігіміздің қалыптасуына арналады.  Орталықта Қазақстан дамуындағы айтулы оқиғаларды баяндайтын ҚР Тұңғыш Президентінің еңбектері орналасқан. Дәл осы арада Мемлекет басшысы қызметінің хроникасы орналасқан.

Экспозицияны ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы жазылған қазақстандық және шетелдік авторлардың еңбектері жалғастырады. Осы арада Қазақстанның сыртқы саясатының, шет мемлекеттермен дипломатиялық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы жайлы еңбектер ұсынылған.

Халықтың мәдени мұрасын сақтау – Мемлекет басшысының ең маңызды бастамаларының бірі. Экспозицияны «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жарыққа шыққан туындылар – «Бабалар сөзі», «Орыс, түрік, парсы, монғол және қытай дереккөздеріндегі Қазақстан тарихы».

Оқырмандарымыздың демалысы үшін релакс-зоналары қарастырылған. Мұнда табиғи жарық пен жайлылық, тыныштық.

Құрметті қонақтар, Елбасының электронды кітапханасының 2 бөлімнен тұратын мүмкіндіктерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Бірінші бөлім – Кітапхананың кітап қорындағы цифрланған баспаларымен тұрақты түрде толықтырылып отыратын Мемлекет басшысының электронды кітапханасы.

Электронды кітапхананың екінші бөлімі – 13 млн. Дереккөздерден тұратын электронды ресурстарға қол жетімділік.

Тіркеуден өткен қолданушылар іздеу жолағына қажет материалдың атауын енгізгенде, нәтиже шығады, ақпаратты онлайн- режимде оқуға да болады, қандай да бір материалдың аудионұсқасын тыңдап немесе жүктеп алуға да болады.

Тағы да бір ресурс – бұл әлемдік цифрлы кітапхана. Онда кітаптарды карта бойынша таңдап, аймақтар бойынша іздеп табу мүмкіндігі бар.

Құрметті қонақтар, Әлемдік әдебиет галереясына өтулеріңізді сұраймыз.

Экспозицияда қазақстандық, ресейлік және шетелдік авторлардың көркем әдебиеттері ұсынылған. Экспозицияны қазақтың ұлы ойшылдары Абай мен Шәкәрімнің еңбектері бастайды. Қазақ тіліне аударылған ресейлік және шетелдік авторлардың туындылары ұсынылған.

Одан әрі әлемдік классика сериялары, ресейлік және шетелдік авторлардың көркем әдебиеттері ұсынылған. Қабырға витриналарында өнер жайлы альбомдар ұсынылған.

Құрметті қонақтар, Сіздерді Н.Ә. Назарбаевтың Үй кітапханасының кітаптары мен материалдары ұсынылған Елбасы Кітапханасының арнайы сақтау орнына шақырамын. 

Мемлекет басшысының Үй кітапханасына қош келдіңіздер. Мұнда сирек кездесметін басылымдар, тартулық және коллекциялық туындылар жинақталған.

«Сирек кездесетін қор» коллекциясында Нұрсұлтан Әбішұлы ХХ 60-жылдарынан бастап жинаған VIII ғ. – ХХ ғ. басындағы көне баспа басылымдары ұсынылған (кіптарды көрсету).

Кітапхана қорында Елбасына әртүрлі кезеңдерде белгілі саяси және қоғам қайраткерлері атынан тарту етілген бір талай кітаптар бар. Мұнда (қабырғаға көрсете отырып) осы кітаптарда жазылған пікірлер мен тілектердің аз ғана бөлігін көріп тұрсыздар.

Осымен, Кітапхана бойынша экскурсиямыз аяқталады.

Ықыластарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Étapes du circuit

Commentaires

Aucun commentaire pour l'instant

Rédiger le premier commentaire
A minimum rating of 1 star is required.
Please fill in your name.

Créez vos propres visites audio!

L'utilisation du système et de l'appli de guide mobile est totalement gratuite

Commencer

App preview on iOS, Android and Windows Phone