Tour audio

Tour audio «Жер бетінде тіршіліктің алғашқы пайда болуы» диораммасы

1. Палеозой эрасына қатысты ордовик дәуірінде тіршілік еткен қарапайым организмдер, су шаяндары, планктондық трилобиттер, теңіз жұлдызы, көптеген моллюскалар түрлері дамып, әсіресе аммонит, белемнит түрлері басым болды. Палеозой эрасынан кейін  қарапайым организм мүшелерінің қызмет атқару функциялары күрделене келіп, тіршілік етудегі сұраныстары артып, құрлыққа шығып, өмір сүру аймақтарын өзгерте бастады. Келесі үш витринада мезозой эрасының триас, юра және бор кезеңдеріндегі тіршілік еткен организмдер көрсетілген.  Мезозой эрасын «динозаврлар заманы» деп атады. Дегенмен де, динозаврлармен қатар алғашқы сүтқоректілердің, сүйекті балықтардың тіршілігі де үстем болған еді. Бірте-бірте  қазіргі тіршілік өз бастауын алып, келесі антропоген дәуіріне ұласты.

 

2. Кайнозой дәуірінде тіршілік еткен алып  жануарлар сол кездегі климат жағдайының күрт өзгеруіне төзе алмай, жер бетінен жойылып кеткен. 1950 жылдары археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Атырау облысының Махамбет, Индер аудандарының Жайық өзені жағасынан табылған жүндес мүйізтұмсықтардың, мамонттардың, ежелгі бұғылардың сүйектері.

Étapes du circuit

Commentaires

Aucun commentaire pour l'instant

Rédiger le premier commentaire
A minimum rating of 1 star is required.
Please fill in your name.

Créez vos propres visites audio!

L'utilisation du système et de l'appli de guide mobile est totalement gratuite

Commencer

App preview on iOS, Android and Windows Phone