Audio tour «Жер бетінде тіршіліктің алғашқы пайда болуы» диораммасы
- Download the app
- iOS
- Android
- Windows Phone
1. Палеозой эрасына қатысты ордовик дәуірінде тіршілік еткен қарапайым организмдер, су шаяндары, планктондық трилобиттер, теңіз жұлдызы, көптеген моллюскалар түрлері дамып, әсіресе аммонит, белемнит түрлері басым болды. Палеозой эрасынан кейін қарапайым организм мүшелерінің қызмет атқару функциялары күрделене келіп, тіршілік етудегі сұраныстары артып, құрлыққа шығып, өмір сүру аймақтарын өзгерте бастады. Келесі үш витринада мезозой эрасының триас, юра және бор кезеңдеріндегі тіршілік еткен организмдер көрсетілген. Мезозой эрасын «динозаврлар заманы» деп атады. Дегенмен де, динозаврлармен қатар алғашқы сүтқоректілердің, сүйекті балықтардың тіршілігі де үстем болған еді. Бірте-бірте қазіргі тіршілік өз бастауын алып, келесі антропоген дәуіріне ұласты.
2. Кайнозой дәуірінде тіршілік еткен алып жануарлар сол кездегі климат жағдайының күрт өзгеруіне төзе алмай, жер бетінен жойылып кеткен. 1950 жылдары археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Атырау облысының Махамбет, Индер аудандарының Жайық өзені жағасынан табылған жүндес мүйізтұмсықтардың, мамонттардың, ежелгі бұғылардың сүйектері.
Tour stops
Reviews
Download the free izi.TRAVEL app
Create your own audio tours!
Use of the system and the mobile guide app is free