Tour audio № 3 үстел. ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНДЕ
- Télécharger l'appli
- iOS
- Android
- Windows Phone
Интерактивті білім беру орталығының келесі үстелі «Еуразия жүрегінде».
Айбарлы, ажарлы Астананың Тәуелсіз Қазақстанның елордасына айналғанына да 20 жылға жуық уақыт өтті.
Өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабының тұсаукесерінде (үстел экспозициясында ұсынылған) Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев астанамыздың басты миссиясын атап көрсетті: «Астананың тарихы – ол Тәуелсіз Қазақстанның тарихы. Астананың серпінді дамуы – ол біздің еліміздің дамуының көрінісі, халқымыздың өзінің болашағына деген үміті мен сенімінің символы».
Есіл-Нұра өңірі ертеден тек мал шаруашылығы, егіншілік, қолөнер және сауда дамыған аймақ болып қана қойған жоқ. Мұнда бастауы ғасырлар қойнауына кететін бірнеше қалалар болды. Интерактивті білім беру орталығының келесі үстелі «Еуразия жүрегінде»
Күллі әлемге танымал ғалым К.Ақышевтың археологиялық ізденістері – VIII ғасырдан бастау алатын көне Бозоқ қаласының орнын анықтады. Бірінші витринада Есіл археологиялық экспедициясы жұмысының нәтижелері ұсынылған.
Жалпы, Астана мен Есіл жағалауындағы Ақмоланың замануи аумағында қала мәдениетінің қалыптасуы ұзаққа созылғандығын атап өту қажет. Бұл қалалар тек сауда-шаруашылық ғана емес, сонымен қатар әскери-әкімшілік және ғұрыптық функцияларды атқарды.
Ақмола бекінісі 19 ғасырда басқа дала округтерінің ашылуына қуатты плацдарм болды. 1862 жылдың 26 қыркүйегінде Ақмола ресми түрде округтік қала болып жарияланды. 1868 жылы қала Ақмола облысының Ақмола уезінің уездік орталығына айналды.
1939 жылы Ақмола 32 мың халқы бар, облыс орталығына айналды.
Тың жерлерді игеру – қала мен облыс тарихының соғыстан кейінгі маңызды кезеңі болды. 1954 жылдың 2 наурызында қалаға Алматыдан алғашқы жастардың эшелоны, ал 5 наурызда – мәскеулік тың игерушілері келді. Тек 1953-1958-ші жылдар аралығында Ақмола облысына 270 мың адам келді. Көпшілігі осы жерде қалып қойды.
1960 жылдың 26 желтоқсанында Тың өлкесін құру туралы жарлық шықты. 1961 жылғы 20 наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Целиноград болып өзгертілді.
1. Целиноград қаласының 150-жылдығына арналған омырау медаль. 2. «Целиноградқа 150 жыл» үстел медалі. Беткі жағында: тұңғыш тың игерушілерге арналған монумент 3. «Тың жерлерді игеруге 50 жыл» мерейтойлық медаль. 4. "Тың жерлерді игеруге 25 жыл" мерейтойлық белгі.
Étapes du circuit
Commentaires
Téléchargez l'appli gratuite izi.TRAVEL
Créez vos propres visites audio!
L'utilisation du système et de l'appli de guide mobile est totalement gratuite