Tour audio № 2 үстел. СӨЗ ҚҰДІРЕТІ
- Télécharger l'appli
- iOS
- Android
- Windows Phone
Ұлы Далада сөздің құдіреті жоғары бағаланды. Жер аударылған поляк, белгілі Б. Залесский: «Қазақтар тілмәр келеді және өздері мұны жақсы тәрбиенің немесе тектіліктің белгісі деп санайды» деп атап көрсеткен.
Далалықтарда мәліметтерді ауызша жеткізу дәстүрі күшті болғандықтан, сөздің құндылығы артты.
Тарихтың бетбұрысты кезеңдерінде сөз салмағы, ауыз әдебиетінің күші едәуір артты. Әдеби сөздің әлемдік қазынасына Абай, Шәкәрім, бірқатар танымал қазақ ойшылдары мен жазушыларының туындылары енді.
Сәлемхат кәдесыйы. Абайдың 150-жылдығына орай. Түрік-қазақ қоғамынан. 22.08.1995 ж.
Домбыра және қобыз кәдесыйлық композициясы. Ағаш. Оймыштау.
«Үш би» кәдесыйә. Қырғызстан Президенті А.Атамбаевтан. 10.10.2014 ж.
«Белгі» коллекциялық монетасы Номиналы 500 теңге. Күміс. 2002 ж «Тас мүсіндер» коллекциялық монетасы. Номиналы 500 теңге Күміс. 2004 ж.
Сөз қадірін құрметтеу дәстүрі бүгінгі күнге дейін сақталған. Барша жұрт мойындаған ділмәр шешендердің бірі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Бір жағынан, оған шешендік өнер бала күнінен бастап өзінің руластарынан, айналасындағылардан, ауылдастарынан дарыған. Еңбекпен шыңдалу, саяси және қоғамдық жұмыстар барысында ол өзін өзі шашасына шаң жұқпайтын шешен ретінде тәрбиеледі, оның қысқа дәйектері, ауқымды ойлары азды да көпті де тыңдата алатын.
Осы жылдар ішінде ол 40-тан астам кітабын жариялады, олардың кейбірі бір тақырыпқа біріктіріліген мақалалар мен сұхбаттарының жинақтары болып келеді.
Осы, «Сөз құдіреті» үстелінде, хронологиялық ретпен Елбасы қызметінің барлық кезеңдерін қамтитын және қоғамдық өмірдің сан қырлы салаларына қатысты бірқатар шығармалары ұсынылған. Н.Ә. Назарбаевтың алғашқы іргелі еңбектерінің бірі 1985 ж. «қайта құру» қарсаңында жарыққа шыққан «Құрыш кескін». Кітап республикамыздағы металлугиялық базаның құрылу тарихы жайлы баяндайды.
«Әділеттің ақ жолы» – ҚазақКСР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылдың наурыз-сәуір айларында Алматыдағы «Молодая гвардия» баспасы редакциясының журналисіне берген байтақ әңгіме-сұхбаты. Баспа осындай сұхбатқа қаусап бара жатқан Кеңес Одағының ең танымал саясаткерлерінің бірі ретінде дәл Н.Ә. Назарбаевты таңдады. Ол Қазақстанда да, КСРО-да да, одан тыс жерлерде де бірдей танымал еді. Мұнда Мемлекет басшысы балалық шағы, жақындары мен ағайын-туыстары, қалыптасу жылдары туралы баяндайды. Жақын болашақта Қазақстан мен КСРО-ның одан әрі дамуы туралы ойлары бөлек әңгіме болады.
Еңбектердің арасында қазіргі заманғы қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушы – Нұрсұлтан Назарбаевтың көзқарастары баяндалатын еңбегін атап өту қажет. Бұл – «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы». 1992 жылы жазылған бұл басылымның эпиграфына «Егер біз шындап аяғымыздан тік тұрып, қалыпты өмір сүргіміз келсе, бұл жолға түсуге тиістіміз»- деген сөздер таңдалып алынған болатын.
Étapes du circuit
Commentaires
Téléchargez l'appli gratuite izi.TRAVEL
Créez vos propres visites audio!
L'utilisation du système et de l'appli de guide mobile est totalement gratuite
 
       
            