Áudio tour

Áudio tour Тылсым дәуір залы

1. Ә.Марғұлан атындағы археология институтының Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының жетекшісі Зейнолла Самашевтың басшылығымен 1989 жылдан бастап Атырау облысында Батыс Қазақстан өңірінің археологиялық картасын жасақтау мақсатымен тарихи ескерткіштерді анықтау жұмыстары жүргізіле бастады. Көне қорғандар  ішінде Аралтөбе қорғаны ғалымдардың ерекше назарын аударды. Аралтөбе қорғаны Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылынан шығысқа қарай орналасқан. Қорғанға 1999 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде –сармат  дәуіріне жататын алтын киімді адамның мүрдесі табылды. 

Сарматтар – б.з.б. III ғасырдан б.з.IV ғасыр аралығында Тобылдан Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр жазықтықты мекендеген ежелгі тайпалар.

2. Аралтөбе қорғанының басты ерекшелігі: жоғарғы төбе бөлігі  4 камераға бөлініп, ал төменгі бөлігі 12 бөліктен тұратын күн шапағы тәріздес сәулелі қабырғалар таралған. Қорғанның үсті жалпақ қабыршақ  тастармен жабылған. Пішіні дөңгелек, диаметрі 40 м, биіктігі 2 м. Аралтөбе қорғанынан үш оба қазылып, алғашқысынан адамның қаңқалары мен олардың қолданған шыны моншақтары, жебе ұштары, қанжар сынықтары табылды. Екіншісінен басы оңтүстікке қаратылып жерленген мүрде жанынан жүзден аса жебесі бар қорамсақ, бүйірлі үлкен қыш құмыра, темір қанжар қалдығы кездесті. Қазылған үшінші зираттан   Қазақстан  тарихындағы екінші алтын киімді адам табылды. Ер адам және әйел адам сүйектерімен бірге олардың аяқ жағында екі жылқы және қыран құс қаңқалары бірге жерленген болып шықты.

 3.  Алтын киімді адам түгелдей әшекейлі алтын бұйымдармен безендірілген. Шашын түйген байламшасы, жанындағы қару-жарақтары мен қорамсақ жиектеріне дейін алтынмен апталып, әшекейленген. Асатаяғындағы самұрық құсының бейнесі де алтынмен көмкерілген. Мұның бәрі бұл адамның тайпаның көсемі, әскербасы немесе  абыз болғандығын білдіреді. Әрі қыран құс ұстап, саятшылық жасаған аңшы да болған болуы мүмкін. Сармат көсемінің алтын киімді мүсінін қалыпқа келтірген – Республикаға танымал ғалым, жоғары дәрежелі қалыпқа келтіруші Қырым Алтынбеков.

 4.  Ақинақ – өткір жүзі мен сабының арасы балдақпен бөлініп, ұшы үшкір келген қанжар. Кейбір деректерде қысқа қылыш деп те аталып жүр. Шаншу және кесу түріне жататын қару. Ақинақ Еуразия даласының көшпелі тайпалары, сармат, сақ, скиф, массагеттердің қолданысында болғанымен көпшілікке танымал. Ерте темір дәуіріне (б.д. І-ІІІ ғ.ғ) жататын  қанжар «Теңіз» мұнай кеніші аумағынан бұрғылау жұмыстары кезінде табылған.

 5. Қазбадан табылған киім  алтын жапсырмалардың фотосуреттері мен көшірмелері. Облыс аумағынан табылған ұршық тастары, қыш құмыралар, қола айна сынықтары, моншақтар, жебе ұштары, темір қанжар, қайрақ ретінде қолданылған тас бұйымдар. Бұл жәдігерлердің қолданыста болуы қола дәуірі мен ерте темір дәуірінен бастау алып, сармат кезеңдеріне жалғасады.

 6.  Аралтөбе қорғанынан табылған сұр түсті қыш ыдыс (хұмша).

7. «Сарматтар соғыс қарсаңында»  панорамасында  сармат көсемінің  жас кезі бейнеленген. Өзінің алтын күймесінде, жолбарыс терісінің үстінде отырған жас сарматтың есіл-дерті болып жатқан соғыс алаңында. Картинада арбаға жегілген атының жарақаттанып қалуына байланысты, көсемнің қасындағы серіктері арбаны сүйреп шығару сәті бейнеленген.

 8. «Сарматтар соғысы»  панорамасында  көшпелі тайпалардың өмір  мен өлім үшін кескілескен соғысы көрініс тапқан. Суреттегі адамдардың бет-бейнесі Ресей Ғылым Академиясы Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы антропология және этнология институтының антрополог- ғалымы Е.В.Веселовскаяның  ғылыми  зерттеуіне сүйене отырып, сурет сарыны суретшілердің ой-қиялынан туындаған.

 9.  Ресей Ғылым Академиясы Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы антропология және этнология институтында М.Герасимов әдіс бойынша ғалым-антрополог Е.В.Веселовская  қалпына келтірген сармат тайпасының әйел адам мен ер адам мүсінінің бет-бейнесі.

Paradas do passeio

Análises

Nenhum comentário ainda

Escreva a primeira análise
A minimum rating of 1 star is required.
Please fill in your name.

Crie seus próprios tours em áudio!

O uso do sistema e do aplicativo de guia móvel é gratuito

Iniciar

App preview on iOS, Android and Windows Phone