博物馆

博物馆 Мемориалдық кешен

QR code

博物馆信息

关于博物馆

«Қазақ хандығының мемориалдық кешені» сәулетті кешені  2021 жылы Түркістан қаласында Елбасының бастамасымен ұлттық жадының символы ретінде, Қазақстанның алғашқы мемлекеттілігінің негізін қалаушылар мен сақтаушылар – қазақ хандарына арнап тұрғызылды. XVI-XVIII ғасырларда Түркістан Қазақ хандығының астанасы болды. Хандар бұл қаланың жас мемлекеттің құрамына кірген халықтардың бірлігі үшін геосаяси және рухани маңыздылығын білді. Түркістан әрдайым түркі әлемінің бастау алған орталығы және Қожа Ахмет Яссауидің рухани мұрасының символы ретінде қазақ мемлекеттілігі идеясымен тығыз байланысты болды. «Әзірет Сұлтан» кесенесі қасиетті, қастерлі орынға айналды - көрнекті тарихи тұлғалар: хандар, билер, батырлар, ғалымдар мен ақындар пантеонына айналды.

Мемориал - қазақ мемлекеттілігінің тарихи прототипі ретінде бейнелейтін биіктігі жеті метрлік ақ тастан, жиырма бір бағанадан тұратын киіз үй композициясы болып табылады. Барлық құрылым диаметрі отыз бес метр болатын сатылы биіктікте орналасқан. Мемориалдың әр элементінің өзіндік мәні бар: кереге - халықты бейнелейді, уықтар – шаыңрақ, аспанның ұлы билігін қолдайтын заңның рухани билігін білдіреді. Және олар біртұтас, бөлінбейтін құрылымды құрайды, мұнда барлық компоненттер бір-біріне байланысты және тәуелді болады. Дала демократиясы осылай қалыптасты. Осы қағидалар бойынша Қазақ хандығы құрылды. Жиырма бір уық – «Әзірет Сұлтан» кесенесінде және оның қасында жерленген қазақ хандарының саны. Әрбір тіректе мемориалды тақтада ханның аты жазылған. QR кодының көмегімен олар туралы көбірек ақпарат білуге ​​болады.

Архитектуралық кешеннің орталық бөлігінде гранитті биіктікте хан таяқшасы түріндегі он екі метрлік қола стела орналасқан, оның негізінде хандардың мәңгілік тыныштықтығын сақтаушылары ретінде төрт тау-теке фигуралары орналасқан. Стеланың жоғарғы жағында күн мен ай түрінде көрсетілген аспан күшінің бейнесі орналасқан.

 

Мемориалдық кешеннің авторлары: Кутдусов Ринат Алекович, Моряк Константин Петрович, Копылов Сергей Николаевич, Жұмай Нүркен Серікұлы, Даубаев Естай Серикбаевич, Жақыпбек Әсет Камалбекұлы.

Ғылыми кеңесші: Аяған Бүркітбай Ғелманұлы.

计划您的访问

  • 10, Оркениет улица, 突厥斯坦, Түркістан Қ.А., 突厥斯坦州, 161200, 哈萨克斯坦

评论

A minimum rating of 1 star is required.
Please fill in your name.
  • Bilal Tolegenov

    5 out of 5 rating 12-05-2023

    Өте күшті

  • Александр MrZ

    4 out of 5 rating 09-11-2023

    Хороший аудиогид, жаль, не все портреты доступны

创建您自己的音频之旅!

使用此系统的移动导游应用是免费的

开始

App preview on iOS, Android and Windows Phone