音频游览 Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
2 sights
- 语音导览概要
-
语音导览概要
Update Required To play the media you will need to either update your browser to a recent version or update your Flash plugin.Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Сіздерді Қазақстанның елордасы – Астана қаласына, Есіл өзенінің жағалауына қош келдіңіздер деп қарсы алуға қуаныштымыз!
Бүгін сіздер Есіл өзенінің жағалауымен жаяу серуендеп, Акмолинск, Целиноград, Астана қаласының ескерткіштерін, көрікті жерлерін, көпірлерін, құрылыстарын көре аласыздар, Астаналық саябақты аралап, қала тарихына үңіле аласыздар, біз сіздерге өзен туралы және оны мекендеген ағзалар туралы әңгімелеп береміз.
Өзен жағасындағы қала... Әлемде өзен бойындағы қалалар қанша екен? Шпреедегі Берлин, Сенадағы Париж, Невадағы Санкт-Петербург, Темзадағы Лондон, Майндағы Франкфурт…
Қазақстанның елордасы Астана да осы тізімге кіреді. Бірақ, бір ғана ескеретін жайт – біздің қаламыз үш өзеннің бойында – Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінде тұр.
Есіл өзені осы «су» әлемінде басымдыққа ие, және де оның қайда ағып жатқандығын астананың әрбір тұрғыны білер.
Ақбұлақ өзені көлемі жағынан шағындау болғанымен, қазіргі күні демалу үшін баратын орындардың тізімінде аса құрметке ие. Мұнда Есу арнасы да, гүлдер сағаты мен күн сағаты да, әртүрлі конфессиялардың ғибадатханалары да, көпірлер мен жағалау да, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас корпусы да, жаңа кең жағажай да бар.
Сарыбұлақ өзені өз бауырластарындай танымал емес. Ол қызу тасжолдардан алыстау, темір жол төсемінен әріқарай орналасқан. Қаланың дамуына қарай оның да қаламыздың жалпы келбетіндегі рөлі арта түспек.
Жағалауларды бойлай орналасқан барлық әлем астаналар өзендердің көріктендірілуіне аса көңіл бөледі. Өзен қаланың бейнесін қалыптастырады, оған бірегей сипат береді. Туристер өзен бойындағы қалаларға келіп, өзен трамвайларына, катерлер, гондолалар, теплоходтарға отырып, ғаламат сәулет туындыларының ғажайып бейнесін тамашалап отырады – өйткені сәулет өнерінің жауһарларын данышпан қала құрылысшылары жағалау бойына салады.
Бүгін біз Есіл өзені туралы әңгімелейміз.
- 1 Кенесары ескерткіші
- 2 М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы
- 3 «Самал» шағынауданы
- 4 «Гранд Алатау» шағын ауданы
- 5 «Серуен» жаяу жүргіншілер көпірі
- 6 Судағы құтқару станциясы
- 7 Астаналық саябақ
- 8 Ұлттық теннис орталығы
- 9 Сент Реджис қонақ үйі
- 10 «Думан» қонақ үйі
- 11 Құрманғазы ескерткіші
- 12 «Ailand» отбасылық демалыс орталығы
-
语音导览概要
Update Required To play the media you will need to either update your browser to a recent version or update your Flash plugin.Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Сіздерді Қазақстанның елордасы – Астана қаласына, Есіл өзенінің жағалауына қош келдіңіздер деп қарсы алуға қуаныштымыз!
Бүгін сіздер Есіл өзенінің жағалауымен жаяу серуендеп, Акмолинск, Целиноград, Астана қаласының ескерткіштерін, көрікті жерлерін, көпірлерін, құрылыстарын көре аласыздар, Астаналық саябақты аралап, қала тарихына үңіле аласыздар, біз сіздерге өзен туралы және оны мекендеген ағзалар туралы әңгімелеп береміз.
Өзен жағасындағы қала... Әлемде өзен бойындағы қалалар қанша екен? Шпреедегі Берлин, Сенадағы Париж, Невадағы Санкт-Петербург, Темзадағы Лондон, Майндағы Франкфурт…
Қазақстанның елордасы Астана да осы тізімге кіреді. Бірақ, бір ғана ескеретін жайт – біздің қаламыз үш өзеннің бойында – Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінде тұр.
Есіл өзені осы «су» әлемінде басымдыққа ие, және де оның қайда ағып жатқандығын астананың әрбір тұрғыны білер.
Ақбұлақ өзені көлемі жағынан шағындау болғанымен, қазіргі күні демалу үшін баратын орындардың тізімінде аса құрметке ие. Мұнда Есу арнасы да, гүлдер сағаты мен күн сағаты да, әртүрлі конфессиялардың ғибадатханалары да, көпірлер мен жағалау да, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас корпусы да, жаңа кең жағажай да бар.
Сарыбұлақ өзені өз бауырластарындай танымал емес. Ол қызу тасжолдардан алыстау, темір жол төсемінен әріқарай орналасқан. Қаланың дамуына қарай оның да қаламыздың жалпы келбетіндегі рөлі арта түспек.
Жағалауларды бойлай орналасқан барлық әлем астаналар өзендердің көріктендірілуіне аса көңіл бөледі. Өзен қаланың бейнесін қалыптастырады, оған бірегей сипат береді. Туристер өзен бойындағы қалаларға келіп, өзен трамвайларына, катерлер, гондолалар, теплоходтарға отырып, ғаламат сәулет туындыларының ғажайып бейнесін тамашалап отырады – өйткені сәулет өнерінің жауһарларын данышпан қала құрылысшылары жағалау бойына салады.
Бүгін біз Есіл өзені туралы әңгімелейміз.
评论
2 评论
审查该游览-
05-01-2019
👍 паркте сауда ашуға кіммен сөйлесуге болады
-
06-04-2018
Здорово, что можно слушать историю своего города во время обычных прогулок😀
创建您自己的音频之旅!
使用此系统的移动导游应用是免费的