音频游览 4.«Қазақстан Президентіне тарту етілген сыйлықтар» экспозициясы
- 下载的应用程序!
- iOS
- Android
- Windows Phone
Осы арадан Интерактивті білім беру орталығымен танысуды аяқтаймыз. Ары қарай «Қазақстан Президенті тарту етілген сыйлықтар» экспозициясы орналасқан.
Дипломатиялық тартулар дәстүрінің терең тарихы бар және олар әрқашанда ерекше құрмет пен ізеттің белгісі саналды. Елбасы кітапханасының жинағында алуан түрлі қызықты коллекцияларды көруге болады.
Бұл экспозиицияда Н.Ә. Назарбаевқа әртүрлі кезеңдерде мемлекет және үкімет басшылары атынан, көптеген елдердің қоғам қайраткерлері атынан тарту етілген бірегей шахмат коллекциясы ұсынылған.
1. Шахмат. Украина Президенті Л.Кучмадан. 2001 ж. Шахмат фигуралары 1600-1700 жж. украин және поляк әскерлерінің үлгісінде жасалған. Ойын тақтасы жасыл және қоңыр түсті мәрмәрдан жасалған.
2. Шахмат жинағы. "Мәскеу түбіндегі шайқас "Бородино"1812 ж.". Беларусь Республикасының президенті А. Лукашенкодан. 11.01.2006 ж.
3. Шахмат. Металл, ағаш. РФ Сыртқы істер министрлігінен.
4. Шахмат. Фигуралар дәстүрлі «стаунтон» пішінінде жасалған. Шахмат тақтасы 200 жылдық жаңғақ ағашының тамырынан жасалған, қол жұмысы. Армения президенті Серж Саргсяннан. 06.07.2010 ж.
5. Шахмат. "Ұлы Моғолдар әскері". Сүйек пен ағаштан ойып жасалған шахмат XVII ғ. Ұлы Моғолдар әскерін бейнелейді. ФИДЕ нұсқасы бойынша 2000 ж. Әлем чемпионы Вишванатан Анандтан. 17.12.2006 ж.
6. Қытай шахматы – сяньци. «Интерконтиненталь» қонақ үйінің атқарушы директорынан. Гонконг. 22.12.2006 ж.
7. Шахмат. Шахмат фигуралары қазақ ұлттық киіміндегі адамдардың кейпінде сомдалған. Әдеттегі тақтадағы, ақ жолақта - А. Карповтың қолтаңбасы бар. Шахматтан әлем чемпионы А.Карповтан. 09.12.1995 ж.
8. Шахмат. Дәстүрлі, стаунтондық. Қырғызстан Заңшығарушы Жиыны Жогорку Кенеш Төрағасы А. Эркебаевтан. 05.05.2004 ж.
9. Шахмат жинағы. 16 шахмат фигуралары Солтүстік халықтары – викингтердің кейпінде жасалған.Түмен облысы делегациясынан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевты Ұлықтау рәсімі. 21.01.1999 ж.
10. Шахмат. Ойын фигуралары дәстүрлі, ақ және қара сутастан жасалған.
11. Шахмат. Шахмат фигуралары Қытай империясының әскери ақсүйектерінің өкілдерінің кейпінде жасалған. ҚХР Ұлттық-азат ету әскерінің Бас штабы басшысының орынбасары Сюан Гуанкайдан. 18.03.2002 ж.
Экспозицияның келесі бөлімінде суық және ату қаруының әртүрлі үлгілері ұсынылған.
游览停留
评论
创建您自己的音频之旅!
使用此系统的移动导游应用是免费的