Audio tour

Audio tour 2 қабат. "Президенттік экспозиция"

Оң жаққа бұрылып, «Президент экспозициясына» өтулеріңізді сұраймын!       

Біз «Президенттік экспозиция» жанындамыз. Мемлекеттің бетбұрысты сәттерінде Ұлт көшбасшылары рөлінің ерекшелігі туралы тарихта айғақтар жетіп артылады. Қазақстан тарихындағы жаңа кезеңнің басы Н.Ә. Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Ел Президенті – әкімшілік билікті жүзеге асырушы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің нышаны.

1990 жылы 23-24 сәуірде Алматы қ. өткен ҚКП ОК ХХІ Пленумында ҚКП ОК бірінші хатшысы Н.Ә. Назарбаевтың кандидатурасын Қазақ КСР Президенті лауазымына ұсыну туралы қаулы қабылданды.

1991 жылдың 1 желтоқсанында өткен алғашқы жалпыхалықтық президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевты жақтап сайлаушылардың 98,8% дауыс берді. 2012 жылдан бастап, 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күні ретінде бекітілді. 

Сіздерді экспозициямен жақынырақ танысып, Мемлекет басшысы өмірбаянының маңызды тұстарымен танысуға шақырамын. Нұрсұлтан Әбішұлының  ата-бабалары Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған (қазіргі Үшқоңыр ауылы) ауылында  өмір сүрген. Нұржан Қарымсақовтың туындысында Үшқоңыр ауылының маңайы бейнеленген.

Н.Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алатау байрайындағы Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Назарбаевтар –  қарапайым, еңбекқор, тату отбасы болды. Витриналарда Назарбаевтар отбасының мүшелері, Елбасының жүрегіне жақын фотосуреттер. Электронды альбомды парақтай отырып, сол дәуірдің демін сезініп, Нұрсұлтан Әбішұлының жақындарын, достарын, оның еңбек және саяси ғұмырнамасының маңызды тұстарымен танысуға болады.

Оң жағынан қазақтың сәндік-қолданбалы және зергерлік өнерінің үлгілері ұсынылған. Олар туған жерге деген құрмет пен тағзымның, мызғымас дәстүрлердің, ұрпақтар сабақтастығының тамаша көрінісі.

Экспозицияның орталық бөлігінде – Президент қызметінің интерактивті хроникасы. Өзіңізге қызықты кезеңді таңдап, мәтіндік, фото және бейне құжаттарды қарасыра аласыз.

Оң жағынан: Қазақстан Президентінің инаугурациялық костюмі(1999 ж.), омырау белгісімен; айрықша үлгідегі «Елбасы» омырау белгісі, Елбасына Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ҚР Парламент Сенаты атынан тарту етілген.

Стратегиялық ойлау және көрегендік – мемлекетті басқарушыға қажетті қасиеттер. Нұрсұлтан Әбішұлы шахматты тамаша ойнайды (сол жақтағы бірінші витринадағы шахматтарды көрсету). Одан әрі златоусттық шеберлердің туындысы нефрит пен жезден жасалған «Президенттік» тостағанды көріп тұрсыздар (Астрахань облысының губернаторы А.Жилкиннен 15.09.2011 ж. Шекаралық аймақтар форумы).

Президенттік атрибутиканың бұл қатарын: бағалы металдар қоспаларынан, нефрит, гауһартастар мен жасыл мәрмәрдан дайындалған асатаяқ және Президенттің бірінші байрағының бейнесі басылған күміс тостаған аяқтайды. 

Қазақстан Президентінің жоғары мемлекеттік наградаларымен таныстыратын 3D-голограмманың екі жағында орналасқан витриналарда мемлекет басшысының сан қырлы қызметінің маңызды оқиғаларын ашып көрсететін фотосуреттер ұсынылған. 

Tour stops

Reviews

A minimum rating of 1 star is required.
Please fill in your name.

Create your own audio tours!

Use of the system and the mobile guide app is free

Start

App preview on iOS, Android and Windows Phone